Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жұманғарин халық қарызға не үшін бататынын айтты

25 Маусым 2025, 13:30
992
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив/ Арман Мухатов
Фото: BAQ.KZ - архив/ Арман Мухатов

Ұлттық экономика министрі – Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин тұтынушылық кредиттер көлемінің өсуі қарапайым қазақстандықтардың жағдайына қалай әсер етіп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Тұтынушылық кредиттер көлемінің өсуі халықтың әлеуметтік жағдайы нашарлап жатыр дегенді білдірмей ме?" деп сұрады БАҚ өкілдері.

Тұтынушылық кредиттердің өсуі халықтың жағдайын көрсетіп жатыр. Себебі ол (халықта) ақша бар деген сөз. Біреуі ертең қалай төлеймін деп ойланбай несиелерді алуы мүмкін. Ол да бар. Сол себепті қаржы реттеушісі адамдарға несие алмас бұрын ойлану үшін бір тәулік уақыт береді. Рұқсат етілген жүктеме коэффициенті деген бар. Қазіргі уақытта оның мөлшері – 50 пайыз. Бұл сенің бүкіл қарызыңды алатын жалақымен салыстырады. Ол 50 пайыздан аспауы керек. Асқан жағдайда саған ешкім несие бермейді. Біздің ұсынысымыз – оны 35 пайызға дейін төмендету, – деді Серік Жұманғарин кулуарда.

Оның айтуына қарағанда, несие алған адам оңды-солын бағамдаған адам болып саналады.

Егер адам несие алатын болса, онда ол өзінің мүмкіндіктерін есепке алған деген сөз. Адам көп несие алатын болса, бұл оның оларды қайтаруға табысы жеткілікті дегенді білдіреді. Ал енді адамдардың дәрі-дәрмекті Kaspi Red арқылы алуына келсек, бұл туралы ойлану керек. Елімізде шамамен 12 млн адамға тегін медициналық көмек көрсетіледі. Соның ішінде дәрі-дәрмек те бар. Ендеше не үшін оларды бөліп төлеу арқылы алады? Дәрігерден рецепт алып, қажетті дәрілердің көбін тегін алуға болады. Бірақ, бәлкім, бұл жерде әңгіме басқа дәрі-дәрмектер туралы шығар, - деді Серік Жұманғарин.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »