Алдағы күндері Жерге салмағы жарты тоннаға жуық кеңестік "Космос-482" ғарыш аппаратының қону модулі құлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
"Космос-482" — 1972 жылы Венераны зерттеу мақсатында "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшырылған аппарат. Алайда зымыранның ақауына байланысты ол орбитадан шыға алмай, Жер төңірегінде қалып қойған. Қазір модуль баяу жылдамдықпен төмен түсіп келеді және мамыр айының алғашқы жартысында Жерге түсуі мүмкін.
Сарапшылардың айтуынша, ғарыш аппаратының бөлшектері тұрғын аймақтарға құлау қаупін тудырып отыр.
Айта кетейік, "Космос-482" — Венера-8 миссиясының дублері. Венера-8 аппараты сәтті ұшырылып, ғаламшардың бетінде ғылыми зерттеулер жүргізген. Ал оның дубль станциясы апатқа ұшырап, Жер орбитасында қалып қойған еді.