"Қазгидромет" РМК еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында найзағай мен шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Облыстың солтүстігі, оңтүстігі, шығысы және орталығы өрт қаупі жоғары аумақтарға жатады.
Атырау облысының батысында күндіз қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін. Сонымен қатар оңтүстігі, батысы және солтүстігінде найзағай болжануда. Облыстың оңтүстігінде де өрт қаупі жоғары.
Түркістан облысында тау асуларында солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында түнде батысы мен солтүстігінде, ал күндіз солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде найзағай болады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, түнде батысы мен солтүстігінде, күндіз солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Облыстың солтүстік-батысы мен оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Абай облысының солтүстігі, оңтүстігі және орталығында найзағай күтіледі. Жел бағытын өзгертіп, секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 23 метрге дейін жетуі ықтимал. Облыстың солтүстік-батысы, оңтүстігі мен орталығында да өрт қаупі жоғары.
Ақмола облысының солтүстік-батысы, батысы, солтүстігі және шығысында секундына 15-20 метрге жететін жел күтіледі. Түнде батысында және оңтүстігінде топырақ бетінде 1 градус аяз болуы мүмкін. Өрт қаупі батыс пен оңтүстікте сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде оңтүстігінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейсе, күндіз 23-28 метрге дейін жетуі ықтимал.
Батыс Қазақстан облысында күндіз батысы мен оңтүстігінде найзағай мен бұршақ болжанады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде солтүстігі мен шығысында топырақ бетінде 1 градус аяз болуы мүмкін.
Ақтөбе облысында түнде солтүстігі мен шығысында 1 градус аяз күтіледі. Оңтүстік пен оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады.
Қызылорда облысының орталығы мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан соғып, таңертең және күндіз секундына 15 метрге дейін күшейеді. Өрт қаупі батыс, оңтүстік және шығыс өңірлерінде сақталады.
Ұлытау облысының шығысы мен орталығында өрт қаупі жоғары. Жетісу облысының шығысы, орталығы және таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. Жел секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 23-28 метрге дейін күшейеді. Батысы, солтүстігі және оңтүстік-шығысы өрт қаупі жоғары аймаққа жатады.
Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде түнде найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан соғып, облыстың оңтүстігі мен шығысында секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал. Сонымен қатар оңтүстік пен оңтүстік-шығыста өрт қаупі жоғары.