Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жазушы, этнограф Зейнолла Сәніктің мерейтойына орай республикалық сайыс өтті

19 Мамыр 2025, 12:01
1512
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Көрнекті жазушы, тарихшы, этнограф, фольклоршы Зейнолла Сәніктің 90 жылдық мерейтойына орай «Шәкәрім университеті» және «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры» «Сөз ғұмыр» атты республикалық сайыс өткізді. Сайысқа еліміздің он екі ЖОО-дан жиырма білім алушы қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Байқаудың мақсаты - Зейнолла Сәніктің шығармашылығын, қазақ көркемсөз өнеріндегі қызметі мен орнын жастар арасында насихаттау және зерттеп, зерделеуге баулу. Білімгер жастардың прозаға, поэзияға деген құштарлықтарын арттыру, бойларындағы ақындық таланттарын ұштау, қолдау көрсету.

Сайыс 3 кезеңнен тұрды:

1. «Зейнолла Сәнік тағылымы» атты мүшәйра.

2. Зейнолла Сәніктің тарихи шығармаларынан көркемсөз оқу байқауы.

3. «Сөз зергері Зейнолла Сәнік» эссе байқауы.

Жүлдегерлер:

Бас жүлде (біреу) 500 000 (бес жүз мың) теңге – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенті Қалиханова Нұрай;

І орын (біреу) 350 000 (үш жүз елу мың) теңге – С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенті Секенов Бекарыс;

ІІ орын (екеу) 150 000 (жүз елу мың) теңге – Шәкәрім университетінің магистранты Еженхан Талант және Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Орынбай Жақсыгүл;

ІІІ орын (үшеу) 75 000 (жетпіс бес мың) теңге – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенті Құралов Нұрбол, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенті Талап Нұрай мен Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенті Дәуренбекұлы Рамазан.

Қатысушылар Алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Университеттің «Табысты тұлға дәрісі» айдары аясында Филология жоғары мектебі Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен 3 ғалымның дәрісі өтті:

  1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Өмірхан Әбдиманұлы. Тақырыбы: «Ұлылар үндестігі (Абай-Ахмет)».
  2. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы Гүлжаһан Орда. Тақырыбы: «Соғыс жылдарындағы қазақ әдебиеті».
  3. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымы, филология ғылымдарының кандидаты Анарбай Бұлдыбай. Тақырыбы: «Сөйлей білу де өнер».
Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »