Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Жайлы мектеп": Жаңа форматтағы 112 мектеп пайдалануға беріледі

25 Сәуір 2025, 09:15
1135
Бөлісу:
 Оқу ағарту министрлігі
Фото: Оқу ағарту министрлігі

Қазақстанда заманауи, қауіпсіз және қолжетімді білім беру ортасын құруға бағытталған "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 206 мың орындық 112 мектеп пайдалануға беріледі. Оның 45%-ы ауылдық жерлерде салынады. Айта кетейік, 2024 жылы жаңа форматтағы 105 мектеп есігін айқара ашқан болатын.

Ұлттық жоба балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, заманауи талаптарға сәйкес келетін сапалы тегін білімге тең қол жеткізуі үшін жағдайлар жасайды. Ол мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартып қана қоймай, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға ықпал ететін білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында жалпы 460 мың орындық жаңа форматтағы 217 мектептің құрылысы жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »