Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Жарыссөз болады". Шерзат ісі бойынша сот процесі 2 маусымда жалғасады

29 Мамыр 2025, 17:07
344
Бөлісу:
 Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Шерзат Болаттың ісі бойынша жарыссөз 2 маусымда өтеді. Бұл туралы істі жүргізіп отырған судья Ержан Жанұзақов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Келесі сот отырысын 2025 жылғы 2 маусымда, сағат 10:00-де болады. Сол уақытқа дейін жәбірленушілердің өкілдері қорғау тарапына бүгінгі айтылған дәлелдемелерді сотқа ұсынуларыңызды сұраймын. Жарыссөзге дайын болуларыңыз сұралады, - дейді судья Ержан Жанұзақов.

Бұған дейін белгілі болғандай, Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Болат ісі бойынша бүгінгі сот отырысында жәбірленуші тараптың қорғаушысы Мейірман Шекеев қосымша екі куәгерді шақыру туралы өтініш жасады.

Сондай-ақ, сотта көліктегі дыбыстық файлдар тыңдалып, көліктегі сөз сотта жария болды. Сот барысында күдікті Шыңғыс Белғожаевтың оң мінездемесі мен денсаулығына қатысты деректер жарияланды. Сот отырысында сотталушы Дархан Әскентай өз уәжін айтты. Ол оқиғадағы басты себепті атады.

Куәгер Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдінің әрекетіне байланысты жеке қаулы шығару сұралды. Олар "Жалған айғақ берді" деген күдікпен жауапқа тартылуы мүмкін. Марқұм Шерзат Болаттың әкесі әр сотталушыдан 20 млн теңге өтемақы талап етті.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »