Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Жарнама – тіл тазалығының көрінісі" байқауы өтеді

19 Мамыр 2025, 18:11
264
Бөлісу:

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында белгіленген маңызды іс-шаралардың бірі – "Жарнама – тіл тазалығының көрінісі" атты байқау, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, жарнама мәтіндерін сауатты рәсімдеуді насихаттау, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заң талаптарының орындалуын бақылау.

Байқаудың негізгі міндеттері:

Мемлекеттік тілді дұрыс әрі сауатты қолдануды насихаттау;

Қоғамдық орындар мен мекемелердегі сауатсыз жарнамаларды анықтап, олардың түзетілген нұсқасын ұсыну;

Жарнама түрлерін оның мақсаты мен мазмұнына сай ажырата отырып, тілдік ерекшеліктеріне талдау жасау.

Биылғы байқаудың ерекшелігі – қатысушылар ауқымының кеңейтілуі. Байқау бірнеше кезең бойынша өткізіледі:

1 маусымға дейін – ауылдық округ әкімдіктерінде;

1 шілдеге дейін – аудандық/қалалық әкімдіктердің тіл саясаты бөлімдерінде;

1 тамызға дейін – облыстық және республикалық маңызы бар қалалар (Астана, Алматы, Шымкент) әкімдіктерінің тіл саясаты құрылымдарында;

1 қыркүйекке дейін – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінде өтінімдер қабылданады.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »