Ұшаққа мас күйде келген 127 азамат жауапқа тартылды

Кеше, 20:09
162
Бөлісу:
Ұшаққа мас күйде келген 127 азамат жауапқа тартылды
Фото: pixabay.com

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері көлік объектілерінде, оның ішінде әуе кемелерінде жасалатын құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстарды белсенді жалғастыруда. Жедел-алдын алу іс-қимылдар нәтижесінде ағымдағы жылдың 4 айында 207 құқықбұзушы жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, жауапкершілікке тартылғандардың ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін 127 азамат, ұшақ бортында темекі шеккені үшін 50 тұлға және т.б.

Мәселен, өткен демалыс күндері көлік полицейлері әуе кемесінің бортындағы тәртіп бұзушылықтың жолын кесті. "Тбилиси-Алматы" бағытындағы рейсі келгеннен кейін әуе компаниясы өкілінің актісіне сәйкес, Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ұшақ бортында тәртіп бұзып, әжетханада темекі шеккен 32 жастағы Грузия азаматын ұстады, - делінген ақпаратта.

Заңсыз әрекеттері үшін ер адам әуе кемесінің бортында темекі бұйымдарын тұтынғаны үшін жауапқа тартылып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Еске саламыз, деструктивті мінез-құлық жолаушылар мен әуе компания қызметкерлерінің қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Сол себепті, экипаждың нұсқаулығына қатаң түрде бағыну және әуе кемесінің бортындағы қауіпсіздік талаптарын сақтау қажет, - деп еске салды Көліктегі полиция департаменті.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »