Үндістанның батысындағы Ахмадабад қаласынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшыраған Air India әуе компаниясының ұшағындағы 242 адамның 241-і қаза тапты. Бір ғана жолаушы – Ұлыбритания азаматы Вишвашкумар Рамеш – тірі қалған. Ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
Қайтыс болғандардың арасында кімдер бар еді?

Ресми мәлімет бойынша, бортта 169 Үндістан азаматы, 53 британдық, 7 португалиялық және 1 канадалық болған.
Джоши отбасы (Ұлыбритания)
.jpeg)
Дербиден келген рентгенолог-дәрігер Пратик Джоши, әйелі Коми Вьяс және үш баласы – 5 жасар егіз ұлдары Накул мен Прадют, 8 жастағы қызы Мирайя да қаза болды. Дерби индуистік храмы олардың дінге берілгендігі мен жанашырлығын ерекше атап өтті.
Нанабава отбасы (Ұлыбритания)
.jpeg)
Глостерширден шыққан Акил Нанабава, жұбайы Ханнаа Вораджи және олардың 4 жасар қызы Сара Нанабава апат кезінде көз жұмды. Имам Абдулланың айтуынша, бұл отбасы жергілікті қауымдастық үшін ерекше қадірлі болған.
Таджу отбасы (Ұлыбритания)
72 жастағы Адам Таджу, оның 70 жастағы жары Хасина және 51 жастағы күйеу баласы Альтафхусен Патель Лондоннан ұшып келген. Немересі Аммарах Таджу олардың қайтыс болғанын естігенде ауыр күйзеліске түскенін айтты.
Фионгал мен Джейми Гринлоу-Мик (Ұлыбритания)
.jpeg)
Лондондағы рухани орталықты басқаратын Фионгал мен Джейми Гринлоу-Мик Ахмадабадтан ұшпастан бұрын Instagram-да сапары жайлы қуанышты бейнежазба бөліскен. Екеуі де апатта көз жұмды.
Сайед отбасы (Ұлыбритания)
.jpeg)
Джавед және Мариам Сайед бортта екі кішкентай балаларымен болған. Мариам Harrods дүкенінде, ал Джавед Лондондағы қонақүйде жұмыс істеген.
Аджай Кумар Рамеш (Үндістан)
Апат кезінде ағасы Вишвашкумармен қатар отырған. Тірі қалған Вишвашкумар оның қайда екенін білмейтінін айтқан. Аджай із-түссіз кеткендердің қатарында.
Виджай Рупани (Үндістан)
.jpeg)
Гуджарат штатының бұрынғы бас министрі Виджай Рупани де апат салдарынан қаза тапқан. Ол 2016-2021 жылдары Үндістанның БДП партиясы атынан аймақты басқарған.
Сингсон (Air India экипажы)
Сингсон – ұшақ экипажының мүшесі. Оның туыстары Ахмадабадтағы аурухана маңында оны іздеп, әлі күнге нақты ақпарат ала алмай жүргендерін айтқан. Ол анасы мен бауырының жалғыз асыраушысы болған.
Ракша Модха мен немересі Рудра (Ұлыбритания)
.jpeg)
Нортгемптонширден шыққан Ракша Модха және екі жасар немересі Рудра отбасындағы марқұм күйеуіне арналған панихидадан кейін Англияға қайтып бара жатқан. Веллингборо мэрі Радж Мишра отбасыға терең көңіл айтты.
Бұл оқиға бүкіл әлемдік қауымдастықтың жүрегін жаралады. Қаза болғандардың отбасыларына шын көңілден қайғыра көңіл айтамыз.
Ұшақ құлаған аймақта ауруханалар мен мемлекеттік мекемелер орналасқан, бірқатар ғимараттар қирады. Бір ғана адам аман қалған.
Еске сала кетейік, Air India ұшағы 12 маусымда Үндістанның Ахмедабад қаласының тұрғын ауданында құлады. Ұшақ Лондонға ұшуы керек еді, бірақ әуеге көтерілгеннен кейін бірден ұшқыштар апат сигналын берді, содан кейін ұшақ дәрігерлерге арналған жатақханаға құлады.
Белгілі болғандай, Air India қаза тапқандардың отбасына 60 миллион теңге өтемақы төлейді. Сондай-ақ компания иелері ұшақ апатынан зардап шеккендердің емделуге кететін шығынын өздері көтеретінін айтты. Сонымен қатар, олар ұшақ құлаған медициналық колледж ғимаратын қалпына келтіруге көмектеспекші.