Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Үмітті қайта түлеткен: Балаларды оңалту орталығы қалай жұмыс істейді?

4 Маусым 2025, 20:24
473
Бөлісу:
 Ұлттық оңалту орталығы
PHOTO
Фото: Ұлттық оңалту орталығы

Елімізде жыл өткен сайын мүмкіндігі шектеулі балалар саны артып келеді. Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың құқықтарын қорғау, олардың білім мен тәрбиесіне басымдық беру, ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау мәселелерін көтергені белгілі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тағдыр тауқіметін тартқан балаларға көмек қолын созып, оларды оңалтуға арналған жетекші орталық – елордада орналасқан.

Үмітті қайта түлеткен: Балаларды оңалту орталығы қалай жұмыс істейді?

Ұлттық балаларды оңалту орталығы – елдегі неврологиялық және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мен жасөспірімдерді кешенді оңалтуға маманданған. Ол Астана қаласында орналасқан еліміздің жетекші медициналық орталығы.

 

Ерекше балаларға – ерекше қамқорлық

Мекемеде дамуында түрлі бұзылыстары бар жаңа туған нәрестелерден бастап, 18 жасқа дейінгі балалар оңалтудан өтуге мүмкіндік бар.

Олардың қатарына: церебралды паралич, аутизм спектрінің бұзылуы (РАС), психикалық-сөйлеу бұзылыстары (ЗПРР), мидағы қан айналымы бұзылуының салдары, жарақат, парез, сынды жағдайлар кіреді.

Үмітті қайта түлеткен: Балаларды оңалту орталығы қалай жұмыс істейді?

Айта кетерлігі, орталық денсаулық сақтау, білім беру мен оңалту саласындағы заманауи технологияларды белсенді қолданып келеді. Мамандар денсаулық сақтау, білім беру және оңалту саласында заманауи технологияларды белсенді енгізе отырып, медициналық көмек көрсетеді, психологиялық-педагогикалық түзету жүргізеді және әлеуметтік бейімделуге жәрдемдеседі.

 

Оңалтудың айқын бағыттары

Орталықтың оңалтудағы бағыттары айқын. Соның ішінде негізгі үш бағытты қамтиды. Атап айтқанда;

Медициналық оңалту:

физиотерапия, емдік дене шынықтыру (ЕДШ), массаж;

аппараттық әдістер (экзоқаңқа, HandTutor);

ортопедиялық түзету және ортездеу.

Үмітті қайта түлеткен: Балаларды оңалту орталығы қалай жұмыс істейді?

Психологиялық-педагогикалық оңалту:

логопед, дефектолог, эрготерапевтің сабағы;

Үмітті қайта түлеткен: Балаларды оңалту орталығы қалай жұмыс істейді?

тіл дамыту, танымдық және коммуникация дағдыларын дамыту;

арт-терапия, музыка терапия, сенсорлық интеграция;

балаларға және олардың ата-аналарын жеке және топтық сүйемелдеу.

Бейімдеу-дамыту бағыты:

Үмітті қайта түлеткен: Балаларды оңалту орталығы қалай жұмыс істейді?

қарым-қатынас дағдыларын және сындарлы мінез-құлықты қалыптастыру;

инклюзивті оқытуға және тәуелсіз өмір сүру дағдыларын игеруге дайындық.

25 мыңнан астам бала емделген

Орталықтың басшысы Ажар Ғинияттың айтуынша, соңғы 5 жыл ішіндегі көрсеткіш көңіл көншітерлік.

5 жыл ішінде еліміз бойынша 340 мыңнан астам бала оңалтудан өтті, оның ішінде біздің орталықта 25 мыңнан астам бала оңалту емін алған. Алғаш рет олардың 51%-ы отыра бастады. 30%-ы – еңбектеуді үйренсе, 27%-ы аяққа тұрды. 8%-ы алғашқы қадамдарын жасаса, 31%-ы алғашқы дыбыстарды айтып, 22%-ы үйлесімді сөйлей бастаған. 47%-ы – тұрмыстық бейімделуден өтті, - дейді Ажар Ғиният.

Сонымен қатар айта кетерлігі, орталықта ем алушылардың арасында әрбір үшінші бала ауылдан келген.

Бүгінде елімізде 74 орталық жұмыс істеп тұр. Яғни 2020 жылмен салыстырғанда 2,2 есе артқан. Ал былтыр 9 жаңа орталық ашылды. Соның ішінде, 4 орталық – ерте араласу бағытында жұмыс істей бастады. Сондай-ақ аудандық деңгейде 4 орталық жұмысын бастады, - деп атап өтті басқарма төрағасы Ажар Ғиният.

Айтуынша, "қазір және осы жерде" қағидаты бойынша 600 бала оңалту емінен өткен.

Үмітті қайта түлеткен: Балаларды оңалту орталығы қалай жұмыс істейді?

Мейірім, үміт, махаббат...

Қуаныштың жасы қазір 15-те. Үш жасынан бастап ол Ұлттық балаларды оңалту орталығына оңалтудан өтіп келеді. Анасының айтуынша, оның алғашқы сөзі мен алғашқы қадамы – осы жерде басталған.

Ұлым: "Мен 15-темін. Үш жылдан кейін бұл жерден кетуім керек" дейді. Ол бұл орталықтан кеткісі келмейді, себебі дәл осы жерде нақты нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Біз сияқты жүздеген отбасы үшін бұл – үлкен мәселе. 18 жастан асқан оңалтуға мұқтаж жандарға дәл осындай кешенді оңалту орталықтары ашылса екен, - деп тілейді ана жүрегі.

Ал 4 жылдан бері орталығымызда ем алып жүрген Диананың анасы – Салтанат ханым, бізбен өзінің әсерімен бөлісті.

Шыдамдылық, мейірім, үміт пен махаббат туралы айтылған бұл сөздер әрбірімізге шабыт сыйлайды. Бұл орталық – бізге демалыс. Балам да, менде осында жақсы өзгерістерді сезіндік. Ерекше балаларға ерекше қамқорлық көрсететін дәрігерлерге мереке қарсаңында алғысымызды білдіреміз, - деп ағынан жарылды ана.

Оңалту барлық балаға тегін

Ұлттық оңалту орталығы – Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы медициналық қызметтердің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін көрсететін Joint Commission International (JCI) халықаралық аккредиттеуден өткен жалғыз мекеме. Орталық штатында 200-ге жуық педагог, 147 мейіргер, 56 дәрігер бар. Көптеген мамандардың магистрлік және кандидаттық дәрежесі, сондай-ақ жоғары біліктілік санаты бар. Орталықтың барлық бағдарламаларын мамандардың пәнаралық тобы жүзеге асырады, Қазақстанның барлық өңірлерінен келген балалар үшін тегін көмек көрсетіледі.

Ұлттық балаларды оңалту орталығы – бұл балаларға қозғалыс, қарым-қатынас және толыққанды өмір қуанышын қайтаратын орын.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »