Украиналық саясаткерді Испанияда атып кетті

Бөлісу:
 instagram.com/andriyportnov
Фото: instagram.com/andriyportnov

Мадрид маңындағы элиталық америкалық мектептің жанында белгісіз біреулер Виктор Януковичтің президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Андрей Портновты атып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Deutsche Welle басылымы Reuters ақпаратына сілтеме жасап жазды.

Атыс туралы полицияға сәрсенбі, мамырдың 21-і күні таңертең хабарланған, құрбан болған Украина азаматы, оның аты-жөні ресми түрде жарияланбаған.

Sky News хабарлағандай, Портнов балаларын мектепке апарып жатқан кезде белгісіз біреу оған оқ атқан. Эль Паис бес рет оқ атқан «екі-үш» шабуылдаушы болғанын, оның кем дегенде үшеуі оның басына тигенін айтты. Шабуылға қатысты әзірге ешкім қамауға алынған жоқ, – деп хабарлайды El Pais.

Портновтың өлімі туралы ақпаратты "Украинская правдаға" жоғары шенді дереккөз және оның айналасындағы сұхбаттасушы растады.

Испанияның Ішкі істер министрлігі кейінірек саясаткер екі баласын колледжге шығарып салудан кейін өзінің Mercedes-Benz көлігіне отырайын деп жатқанда атып өлтірілгенін хабарлады.

Мотоцикл мінген екі адам Портновқа 5 рет оқ атты. Үш оқ арқасына, біреуі мойнына, соңғысы басына тиді. Оқ атқаннан кейін олар жақын маңдағы Casa de Campo орман саябағында жоғалып кетті.

Тергеуді Испания ұлттық полициясының кісі өлтіруге маманданған №5 тобы жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта ол кісі өлтірудің екі нұсқасын қарастыруда - саяси астарлы немесе мафиямен байланысты. Испандықтар қайтыс болған ер адамның ұйымдасқан қылмыспен байланысы және қарыздары болуы мүмкін деп күдіктенеді.

51 жастағы Портнов Луганск облысында дүниеге келген, 2006 жылы Украина Жоғарғы Радасының халық депутаты болып сайланған. 2011-2014 жылдар аралығында Януковичтің кеңесшісі, сонымен қатар президент әкімшілігі басшысының орынбасары болған.

2014 жылдың ақпанында Янукович Украинадан қашып кеткен. 2015 жылы Портнов та елден кетті, бірақ 2019 жылы елге оралып, сайлауда болашақ президент Владимир Зеленскийді қолдады. Орыс басқыншылығы басталғаннан кейін Портнов Украинаны қайтадан тастап кетті.

"РБК-Украина" басылымы Портновтың бірнеше қылмыстық істерге, соның ішінде Ресейдің Қырымды аннексиялауға қатысы бар деген күдікпен мемлекетке опасыздық жасау бабы бойынша қатыстырылғанын, бірақ ол істі жабуға қол жеткізгенін еске салды.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »