Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трамп Сирияға қарсы санкцияларды алып тастады

14 Мамыр 2025, 07:15
385
Бөлісу:
 depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

Дональд Трамп сейсенбі күні Таяу Шығыстағы одақтастарының талабы бойынша Сирияға қарсы санкцияларды алып тастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ The Hill басылымына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл Дамаскідегі жаңа үкіметті қолдау әрекеті.

Мен Сирияға үлкен мүмкіндік беру үшін оған қарсы санкцияларды тоқтатуды бұйырамын, – деді Трамп Эр-Риядта сөйлеген сөзінде.

Трамп Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның азаматтық соғыс қызған шағында Башар Асадтың бұрынғы режиміне салынған санкцияларды алып тастауға шақырғанын айтты.

Өткен жылдың аяғында Сирия көтерілісшілері Асад үкіметін биліктен кетірген болатын.

АҚШ санкциялары Сирияны әлемдік қаржы жүйесінен ажыратып, айтарлықтай экономикалық шектеулер енгізген.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »