АҚШ президенті Дональд Трамп кәсіпкер Илон Маскты Демократиялық партия кандидаттарын қолдаудан сақтандырып, мұндай әрекеттің "ауыр зардаптарға" алып келуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ NBC News-ке сілтеме жасап.
Трамптың айтуынша, Масктың демократтарға қолдау көрсетуі Республикалық партияның жаңа бюджет жобасын бұзу әрекеті ретінде бағалануы мүмкін.
Егер ол мұны жасайтын болса, оның құны ауыр болады. Бұл өте ауыр зардаптарға әкеп соғады, - деді Трамп.
Алайда, ол нақты қандай шаралар қолданылуы мүмкін екенін ашып айтпады.
Айта кетейік, 5 маусымда Илон Маск Трамптың үкіметтік келісімшарттарды тоқтату туралы мәлімдемесінен кейін өзінің SpaceX компаниясы Халықаралық ғарыш станциясына адам мен жүк жеткізу үшін пайдаланылып келген Dragon ғарыш кемелерін істен шығаратынын жариялаған. Алайда сол күні кешке Маск өз мәлімдемесін өзгертіп, Dragon кемелерінің жұмысын жалғастыратынын хабарлады.