Тараз – Шымкент тас жолының 653-шақырымында, Машат асуы маңында Shacman маркалы жүк көлігінің тежегіші істен шығып, жолды екі бағытта да жауып тастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. 200 метрден астам қоршау бүлінген. Жүк көлігіне жолға шығуға рұқсат берілмеген, себебі оның өлшемдері талаптан асып кеткен.
Қазіргі уақытта қозғалыс уақытша шектеліп, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.