Қоғамда кейбір мамандықтар көпшілік назарында жүрсе, енді біреулері тасада қалып қояды. Алайда дәнекерлеуші күнделікті өміріміздің маңызды бөлшегіне айналған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінде өндірістік дамуға, инфрақұрылымға, құрылысқа немесе энергетикаға қарап-ақ, техникалық мамандықтардың маңызын байқауға болады. Осы тізімнің басында дәнекерлеуші тұр десек, қателеспейміз. Бүгінгі "Еңбекқор ел" жобасының кейіпкері – Хасан Асаинов.