Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тараз - Шымкент жолында қозғалыс толық қалпына келтірілді

7 Маусым 2025, 19:10
368
Бөлісу:
 Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

2025 жылғы 7 маусым сағат 16:00 жағдай бойынша Тараз - Шымкент бағыты бойынша ірі габаритті жүкпен болған жол-көлік оқиғасының салдары толық жойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірнеше күн бойы үлкен жұмыс атқарылды: ауыр жүкті шығару, тралды көтеру және жолды қалпына келтіру. Мамандар тәулік бойы еңбек етіп, жағдайды тез арада ретке келтіру үшін бар күшін салды.

Қазіргі таңда жол толық ашық. Барлық көлік түрлерінің қозғалысына рұқсат берілді. 

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қараған жүргізушілерге алғысымызды білдіреміз, - делінген ҚазАвтоЖол ақпаратында.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »