Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Талғарда 83 мұғалімнің айлығынан заңсыз МӘМС жарналары ұсталған

11 Сәуір 2025, 21:06
904
Бөлісу:
 архив
Фото: архив

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Талғар ауданының білім бөлімі 83 мұғалімнің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты төлемдерін заңсыз ұстаған, олар заң бойынша мұндай төлемдерден босатылған. Олардың арасында көпбалалы аналар, мүгедектер, магистратура және докторантура студенттері бар. Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде мұғалімдердің құқықтары қорғалып, ұсталған сомалар толық көлемде қайтарылды,– делінген прокуратура хабарламасында. 

Сондай-ақ прокурорлар азаматтар мен жұмыс берушілерді, азаматтардың құқықтарының бұзылуын болдырмау үшін жарналардың дұрыс төленуіне мұқият назар аударуға шақырып отыр.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »