Прачуапкхирикхан провинциясының жағалауында полицияның шағын ұшағы апатқа ұшырап, борттағы алты қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы елдің полиция баспасөз қызметі жазды.
Бар мәліметтерге сәйкес, DHC-6-400 Twin Otter үлгісіндегі әуе кемесі жоспарланған парашюттік жаттығулар алдында сынақтық ұшу орындаған. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша таңғы 08:00-де Хуахин ауданынан ұшып шыққан, бірақ көп ұзамай апатқа ұшырап, Хуахин әуежайының маңындағы теңізге құлаған.
Борттағы барлық алты полиция қызметкері қаза тапты. Оқиға бойынша тергеу басталды.