Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы ауылында мектеп түлектерінің соңғы қоңырауда ұйымдастырған кортежі полиция назарын аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Видеода түлектер көлік терезесінен шығып, қауіпсіздік ережелерін елемей жүрген сәттері көрініс тапқан.
Жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері тіркелгеннен кейін өңірлік полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, құқық бұзушыларға қатысты шаралар қабылдады.
Желідегі мәліметке сүйенсек, полиция оқиға бойынша 11 әкімшілік хаттама толтырып, 7 көлікті айып тұрағына қойды.