СҚО-да 2629 тұрғынға арналған аулаларды абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр

25 Мамыр 2025, 14:28
229
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Новоишимское ауылында аула аумақтарын абаттандыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«STRONG SERVISE» ЖШС мердігерлік ұйымы жасалған екі жылдық шарт шеңберінде балалар алаңдарын орнату жөніндегі жобаны іске асыруды жалғастыруда.

Бүгінгі күні Локомотивная көшесіндегі №21, 23, 25, 27 көппәтерлі үйлердің ауласына қоршаулар орнату жұмыстары аяқталуда.

Жұмыс 2024 жылы басталды және 2629 адам тұратын 11 көппәтерлі үйге арналған бес аула ішіндегі ойын алаңын орнатуды қамтиды. Жоба футбол және баскетбол алаңын салуды, балалар ойын кешендерін, тренажерлар мен стрит-воркаутқа арналған аймақты орнатуды көздейді. Сонымен қатар, іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде: қоршаулар мен жарықтандыру орнатылуда.

Қазіргі уақытта Ленин көшесі, 4 мекенжайы бойынша кезекті алаңды жайластыру жұмыстары жүргізілуде. Барлық нысандардың құрылысы 2025 жылдың маусым–шілде айларына жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »