Сотта марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың інісі Шерзатты және өзін кім пышақтағаны туралы айтқан видеосы көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Видеодада байқағанымыздай, Ғайыпбаев ауруханада тергеушілердің сұрағына жауап беріп жатыр. Полицейлер інісі мен өзін пышақтаған адамды фотодан көрсетеді.
Түрін көрсем, айта аламын, - дейді марқұм Ғайыпбаев.
Тергеушілер одан "Пышақтаған Нұрқияс па?" деп сұрағанда, есінен танып жатқанын айтты.
Мен соңғы жағын білмеймін. "Отключкада" болдым. Інімді пышақтап жатқандықтан, оның үстіне шығып жатып алдым, - деді марқұм.
Полицейлер: Ініңді кім пышақтады?
Ғайыпбаев: Солар...
Полицейлер: Нақты қайсысы екенін білесің бе? Бізге түрін көрсетші...
Ғайыпбаев полицейлердің көрсеткен фотосына қарап, суреттегі адам інісін пышақтағанын растады. Ал екінші рет тағы бір фотоны көрсеткенде ол өзін пышақтағанын айтты.
Бұған дейін дүкенге қарсы үйде тұратын куәгер сотта жауап бергенін жаздық. Сондай-ақ сотта тағы екі куәгер жауап берді.
Белгілі болғандай, сотқа Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов қайта шақырылады, өйткені қойылмаған сұрақ бар.