Италияның Сицилия аралында орналасқан Еуропадағы ең белсенді Этна жанартауының атқылауы басталды. Бұл туралы ANSA агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Басылымның мәліметінше, жанартау үстінде биіктігі бірнеше шақырымға жететін қалың атқылау бұлты пайда болған. Қазіргі уақытта лава ағыны елді мекендерге қауіп төндірмейді, алайда кейбір аймақтарда жанартау күлінің түсуі байқалып отыр.
Сейсмологтардың болжамынша, Этнаның белсенділігі алдағы уақытта күшеюі мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін 29 мамырда Кампи-Флегрей супержанартауы аймағындағы сейсмикалық белсенділіктің өсуі туралы хабарланған болатын. Соңғы жарты жыл ішінде онда 3 мыңнан астам жер сілкінісі тіркелген. 2025 жылғы мамырда бұл өңірде 4,4 магнитудасындағы соңғы 40 жылдағы ең күшті жер сілкінісі болды. Мамандар жанартаудың оянуы жаһандық апатқа алып келуі мүмкін екенін ескертуде.