Қазақстанның соңғы жаңалықтары

СІМ өкілдері Катар елшісімен кездесті

28 Мамыр 2025, 02:45
451
Бөлісу:
 gov/kz
Фото: gov/kz

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин еліміздегі Катар мемлекетінің Елшісі Абдулла Хусейн Мухаммад Джабермен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сұхбат барысында дипломаттар Қазақстан-Қатар қарым-қатынастарының оң динамикасын, сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестіктің дамуын атап өтті. Тараптар сондай-ақ БҰҰ аясындағы әлеуметтік даму мәселелеріне баса назар аударып өзара іс-қимылды талқылады.

Кездесу соңында сұхбаттастар Қазақстан мен Қатар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »