Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Шерзаттың әкесі әр сотталушыдан 20 млн теңге өтемақы талап етті

29 Мамыр 2025, 16:38
1443
Бөлісу:
 Жоғарғы Сот
Фото: Жоғарғы Сот

Сот отырысында жәбірленуші тараптың мүддесін қорғаушысы Мейірман Шекеев марқұм Шерзат Болаттың әкесі, анасы және әжесіне төленуі тиіс моральдық және материалдық өтемақы көлемін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Адвокаттың сөзінше, негізгі өтемақы сотталушылар Шынасыл Абзал мен Равиль Сакиевтен өндіріліп, үш отбасы мүшесіне теңдей бөлінуге тиіс.

Шынасыл Абзал мен Равиль Сакиевтен Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына моральдық зиян өтемі ретінде 100 миллион теңге өндіруді сұраймыз. Яғни әрқайсысына 50 миллион теңгеден келеді, – деді қорғаушы.

Дәл осындай талап Шерзаттың анасы Бейшембиева Гүлбара мен әжесі Қадырова Жұмабикенің пайдасына да қойылды,

Бұдан бөлек, адвокат Шекеев соттан Белқожаев Шыңғыс, Әскентай Дархан, Ильясов Нұрқияс, Тоқтаубаев Азамат, Тоқтаубаев Нұрболат және Қалиахмет Дидардан Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына 20 миллион теңгеден, яғни жалпы 120 миллион теңге өндіруді сұрады.

Осы алты сотталушыдан Бишімбиева Гүлбара мен Қадырова Жұмабикенің пайдасына да әрқайсысынан 20 миллион теңгеден моральдық өтемақы өндірілсін, – дейді қорғаушы.

Еске салсақ, Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Болат ісі бойынша бүгінгі сот отырысында жәбірленуші тараптың қорғаушысы Мейірман Шекеев қосымша екі куәгерді шақыру туралы өтініш жасады. 

Сондай-ақ, сотта көліктегі дыбыстық файлдар тыңдалып, көліктегі сөз сотта жария болды

Бұдан бөлек сот барысында "жалған айғақ берді" деген күдікпен екі әйел жауапқа тартылуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »