Шерзат Болаттың ісі бойынша сотқа кешігіп келген адвокат ескерту алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сотта судья Ержан Жанұзақов төрағалық етіп жатыр. Ол 10 сәуір бойынша бұл іс бойынша алдын ала тыңдау өткенін және сот ашық режимде өтетінін еске салды. Бүгін сот отырысы бір сағатқа кешігіп басталды
Ашық және әділетті сот төрелігін қамтамасыз ету мақсатында, қоғамда шындыққа сай келмейтін, бұрмаланған ақпаратты таратпау үшін сот процесіне қатысушы тараптардан, процесс аяқталғанға дейін осы іс бойынша БАҚ-қа түсініктеме беруден бас тартуды сұраймын. Кей жағдайларда бұл сотқа қысым көрсету болып танылуы мүмкін, - деді судья.
Судья сөз басында "Адвокат (Антай) Қалиева неге кешігіп келдіңіз" деп сұрады?
Құрметті сотқа қатысушылар қаншама тараптар бар, қаншама БАҚ бар. Бәрі осы сотты күтіп отыр. Сондықтан бір-бірлеріңізді сыйлап, кешікпей келуіңізді сұраймын. Бірінші жолға сізге ескерту. Қайталанса, жауапкершілікке тартыласыз, - дейді Ержан Жанұзақов.
Еске сала кетейік, Шерзат Болатқа қатысты сот алдағы уақытта қайда өтетіні туралы осыған дейін жаздық.
Сот барысында прокурор айыптау актісін оқыды, сөзінше, Шерзаттың жүрек тұсына пышақ сұққан. Сотталушы анасын қорғаушы ретінде қарауды сұрады.
Аталған іске қатысты сот отырысы аптасына екі рет өтетін болды. Прокурор Ержан Құрақбаев күдіктілердің сұмдық әрекеттерін жария етті. Айтуынша, күдіктінің бірі Шерзат Болаттың әжесін итеріп, құлатқан.
Сотталушылар істі алқабилердің қарауынан бас тартты.