Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қызғаныштан әйелін сабап тастаған ер адам 3 жылға қамалды

11 Сәуір 2025, 13:54
1050
Бөлісу:
 Frank May/picture alliance / www.globallookpress.com
Фото: Frank May/picture alliance / www.globallookpress.com

Бурабай ауданында ағымдағы жылда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге байланысты құқық бұзушылықтардың 2024 жылға қарағанда айтарлықтай өсуі байқалуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, тәжірибе көрсеткендей, мұндай қылмыстардың көпшілігі тұрмыстық жағдайда, отбасылық немесе басқа да жақын қарым-қатынастағы адамдар арасында жасалады.

Мысалы, Успеноюрьевка ауылының тұрғыны қызғаныш салдарынан өз жұбайына көптеген дене жарақатын салып, оның денсаулығына ауыр зиян келтірген. Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды, - делінген хабарламада.

Тағы бір жағдайда, Щучинск қаласының тұрғыны "балалық шақтағы досымен" бірге ішімдік ішіп отырып, жанжалға түсіп, оның іш қуысына пышақ жарақатын салған. Бұл да ауыр дене жарақатына әкеліп соқтырды.

Енді сотталған алдағы 3 жылын темір тордың арғы жағында өткізеді.

Осыған байланысты аудан тұрғындарын қоғамға қауіпті мінез-құлық танытатын адамдарға немқұрайлы қарамауға, сондай-ақ полиция қызметкерлеріне уақтылы хабар беруге шақырамыз, - деп ескертті Ақмола облысы прокуратурасы.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »