Алматыда қыз алып қашқан көлік жол апатына түсіп, жол апаты салдарынан көліктегі қыз көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ақпаратты Алматы облысының полициясы растады. Оқиға Үлкен Алматы айналма жолында болған.
Оқиға 24 мамыр күні шамамен сағат 18:00-де болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, KIA көлігінің жүргізушісі Mercedes-Benz көлігімен жанама соқтығысуға жол берген. Соның салдарынан Mercedes-Benz инерциялық соққыдан аударылып кеткен. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Mercedes-Benz-тің бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізушісі мен тағы екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді, - делінген полиция хабарламасында.
Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға қыз алып қашып келе жатқанда болған. Екі тараптың келісімімен қызды Талдықорғаннан Алматыға алып қашып келе жатқан.