Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қырғызстан құрамасының көкпаршысына қысым көрсетілді ме? ҰҚК жауап берді

13 Қыркүйек 2024, 16:10
2863
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  -архив
Фото: Артём Чурсинов -архив

ҰҚК 12 қыркүйекте көкпар кезінде Қырғызстан құрамасының көкпаршысына қысым көрсетілмегенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 12 қыркүйекте БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Қырғызстан құрамасының көкпар ойыншысына ҰҚК қызметкері қысым көрсеткені туралы ақпарат таралды. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, - делінген хабарламада.

ҰҚК тек ресми ақпарат көздеріне сену керек екендігін айта кетті.

ҰҚК қызметкерлері 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу барысында қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан жоқ. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз, - делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »