Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Құрбандар саны нақтыланған жоқ: Калифорнияда тұрғын үйлер үстіне шағын ұшақ құлады

23 Мамыр 2025, 00:32
587
Бөлісу:
 AP Photo/Gregory Bull
Фото: AP Photo/Gregory Bull

Калифорния штатының Сан-Диего аймағында Cessna 550 маркалы шағын ұшақ тұрғын ауданға құлап, 15-ке жуық үй мен көлік отқа оранды. Бұл туралы Associated Press агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Апат бейсенбі күні таңертең қатты тұман мен нашар көріну салдарынан болған. Ұшақтың тұрғын үйлерге соғылуы салдарынан аудан бір сәтте "қоқыс алаңына" айналған. Бұл туралы Сан-Диего өрт сөндіру бөлімінің бастығының көмекшісі Дэн Эдди мәлімдеді. Оның айтуынша, оқиға орнында тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы нақты ақпарат жоқ, сондай-ақ бортта қанша адамның болғаны да анықталу үстінде.

Айта кетейік, бұл соңғы уақытта Калифорнияда тіркелген алғашқы ұшақ апаты емес. 2025 жылғы 3 мамырда да осындай оқиға тіркелген: Сими алқабындағы Вуд-Ранч ауданында бір моторлы шағын ұшақ тұрғын үйге құлап, борттағы бір жолаушы қаза тапқан еді.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »