Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қошанов депутаттар ең бірінші қандай мәселеге мән беретінін атады

25 Маусым 2025, 13:35
868
Бөлісу:
 Мәжілістің баспасөз қызметі
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палата жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, Парламенттің жалпы жұмыс қорытындысы дүйсенбі күні, 30 маусымда қос палатаның бірлескен отырысында жасалады.

Мәжілістің осы сессиясында 39 жалпы отырыс өткізіліп, 249 мәселе қаралды және 90 заң қабылданды.

Депутаттар ең әуелі азаматтардың әлеуметтік жағдайына ерекше мән береді. Біз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты тәсілдерді қайта қарадық. Барлық азамат үшін, тіпті сақтандырылмаған болса да, алғаш жүгінген кезде тегін базалық медициналық көмектің сақталуы үлкен жетістік болды, - деді Қошанов.

Депутаттардың ұсынысы бойынша Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне онкологиялық скринингтер енгізілді. Сондай-ақ, құлағы нашар еститін жандарды, әсіресе балаларды жергілікті бюджет қаржысы есебінен есту аппаратымен қамтамасыз ету мүмкіндігі қарастырылды.

Кәсіби отбасы институты енгізілді. Енді кәсіби отбасы қиын жағдайға тап болған баланы қамқорлыққа алады, оны балалар үйіне тапсыруға жол бермейді. Сонымен қатар, депутаттар жекеменшік оқу орындарында оқушыларға ыстық тамақ беруді ұйымдастыру жөніндегі проблеманы шешті. Бұл көп жылдан бері шешімін күтіп отырған мәселе еді, - деп айтты Мәжіліс спикері.

Мәжіліс Мемлекет басшысының бастамасымен "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесінің заңнамалық негізін қалады.

Жаңа жинақтау жүйесінің арқасында балалардың сапалы білім алуына қосымша мүмкіндіктер беріледі.

Сонымен бірге, халықаралық ғылыми жарыстарға қатысушылардың үздіктері конкурссыз, соның ішінде "Болашақ" бағдарламасы аясында білім гранттарын алатын норма енгізілді.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »