Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандық жүзгіштер Грекияда төрт медаль жеңіп алды

5 Мамыр 2025, 03:36
576
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Грекияның Афины қаласында өтіп жатқан жүзуден Acropolis Swim Open 2025 халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылар екінші жарыс күнінде төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ТСМ Спорт комитетінің мәліметінше, турнирге 8 елден 680-ге жуық спортшы қатысуда. Жарыста Әділбек Мусин 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 52.56 секунд нәтижемен жүлдегер атанса, Аделаида Пчелинцева 50 метрлік брасс қашықтығында 31.87 секунд көрсеткішпен көзге түсті. Айбат Мырзамұратов та брасс әдісімен 50 метрде 28.05 секунд көрсетіп, жақсы нәтиже көрсетті. Ал Максим Сказобцов 100 метрге баттерфляймен жүзуде 53.61 секунд нәтижемен жарысты аяқтады.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »