Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандық оқушы Орта Азия бойынша информатикадан үздік деп танылды

14 Мамыр 2025, 05:06
1420
Бөлісу:
 Оқу-ағарту министрлігі
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Шығыс Қазақстан облысынан «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Алдияр Амангелді III Халықаралық Әл-Хорезми олимпиадасында алтын медаль жеңіп алып, тоғыз елден келген 200-ден астам дарынды оқушылар арасынан ең үздік қатысушы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

7–13 мамыр аралығында Ташкентте математика және информатика пәндерінен III Халықаралық Әл-Хорезми олимпиадасы өтті.

Қазақстанның құрамасы 100% нәтижеге қол жеткізді – алты қатысушының барлығы жүлдемен оралды:

  • Алдияр Амангелді – Өскемен қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
  • Әли Мендеке – Семей қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
  • Мейірбек Мұрат – Орал қаласынан НЗМ-нің 9-сынып оқушысы;
  • Медеу Жұбатыров – Ақтау қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 8-сынып оқушысы;
  • Айдайбек Абдурахман – Тараз қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
  • Нұрислам Дүйсенғали – Алматы қаласынан РФММ-нің 9-сынып оқушысы.

Команданың жаттықтырушылары — Ибрагим Ибатулин мен Жамбыл Максотов.

Әл-Хорезми олимпиадасы Орталық Азия жастарының зияткерлік әлеуетін дамытуға және нақты ғылымдарды насихаттауға бағытталған. Өткен жылы біздің оқушылар 4 медаль жеңіп алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »