Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстандық экостартаптар UNIDO-ның жаһандық байқауына барады

13 Желтоқсан 2024, 15:01
4016
Бөлісу:
 GCIP Kazakhstan
Фото: GCIP Kazakhstan

GCIP Kazakhstan 2024 форумының қорытындысы бойынша 5 жеңімпаз өз жобаларын жаһандық деңгейде таныстыру мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Форум жаңа таланттар мен инновациялық жобаларды танытуға бағытталған «Global Cleantech Innovation Programme» (GCIP) бағдарламасының аясында өтті. Биылғы жеңімпаздар қатарында Science and Technology Water Center, Smart Energy Solutions, Faceplate, MuratBeton Technology және «Женің көшбасшылығы» аталымы бойынша марапатталған Kaz-REEcycling стартаптары бар. Бұл жобалар су ресурстарын тиімді пайдалану, ақылды энергия жүйелері, құрылыс материалдарын қайта өңдеу және қалдықтарды басқару саласында жоғары деңгейдегі инновациялық шешімдер ұсынды. Форум жеңімпаздары 3 миллион теңге көлемінде гранттар алып, 2025 жылы Стамбулдағы UNIDO жаһандық финалында және Бразилияда өтетін COP30 климаттық саммитінде Қазақстанның атынан сөз сөйлейтін болады.

Форумның ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нуралиевич Нысанбаев еліміздің тұрақты дамуына арналған жасыл технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.

GCIP Kazakhstan бағдарламасының негізгі мақсаты — елімізді жасыл технологиялар саласында өңірлік көшбасшы ету, - деді министр.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғи ресурстар комитетінің төрағасы Еділ Терекбайұлы Жаңбыршин форумның экологиялық бастамаларды дамытудағы рөлі туралы сөз қозғады.

Форум аясында Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (IGTIC) мен Қытайдың инновациялар саласындағы көшбасшысы TusHoldings арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Қазақстандық экостартаптар UNIDO-ның жаһандық байқауына барады

Сонымен қатар, Хорватиядағы Zagreb Innovation Centre Ltd. инновациялық орталығымен келісім жасалды. Бұл серіктестіктер қазақстандық стартаптарға халықаралық тәжірибе мен ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Форумда "Қазақстандағы және әлемдегі жасыл, таза технологиялардың даму перспективалары" тақырыбында шетелдік сарапшылар қатысқан панельдік сессия өтті. Сессия барысында IGTIC басқарма төрағасы Дидар Каримсаков, CAICA бас директоры Руслан Жемков, Green Finance AIFC директоры Манас Гиждуаниев, Most Ventures басқарушы серіктесі Алим Хамитов, TusCity Group аға вице-президенті Фрэнсис Чанг, Zagreb Innovation Centre Ltd. бас директоры Фране Шешнич Қазақстандағы жасыл технологиялар саласындағы мүмкіндіктер мен жаһандық үрдістер туралы пікір алмасты.

GCIP Kazakhstan 2024 форумына көптеген қонақтар, оның ішінде сарапшылар, кәсіпкерлер және стартаптар қатысты. Форум барысында Cleantech Group ұйымдастырған жұмыс тобы өтті, онда Қазақстандағы жасыл технологияларды дамыту мәселелері талқыланды. 

Сонымен қатар, "БҰҰ саммиті" іскерлік ойыны өткізіліп, қатысушылар климаттық мәселелер бойынша келіссөздер жүргізді. Demo Day кезінде қазақстандық өнеркәсіптік компаниялар өздерінің технологиялық міндеттерін ұсынды, ал Investor Connect алаңында стартаптар инвесторлармен мүмкін болатын серіктестіктер туралы пікір алмасты.

GCIP Kazakhstan — Орталық Азиядағы экологиялық таза технологиялар саласындағы стартаптарды қолдайтын жалғыз бағдарлама. GCIP Қазақстанда Түркия, ОАР, Индонезия, Нигерия және басқа елдер сияқты 15 елмен қатар жүзеге асырылуда.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »