Қазақстанда салынатын тағы бір атом электр станциясы жобасы бойынша консорциумды Қытайдың CNNC компаниясы басқарады. Бұл туралы Атом энергетикасы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, алдын ала іріктеліп, шорт-листке енген барлық компаниялар бірегей технологияларға ие болғанымен, ең мықты ұсыныстар Қытай мен Ресей тарапынан түскен.
Қытай Халық Республикасымен атом саласындағы ынтымақтастыққа қатысты жеке бас келісімге қол қою жоспарланып отыр. Біз Қазақстанда жаңа АЭС салу үшін қытайлық технологияларды көргіміз келеді. Әлемде бүкіл атомдық циклді өз күшімен жүзеге асыра алатын мемлекеттер көп емес. Қытай – бұл толық технологиялық тізбекке, индустриялық және өндірістік базаға ие елдердің бірі. Сондықтан біз үшін келесі маңызды басымдық – ҚХР-мен ынтымақтастық, - деді Сәтқалиев.
Агенттік басшысы Қытай тарапымен тиісті келіссөздер жүргізілетінін атап өтті.
Бізде жоғары деңгейде келісімдер бар. Қытайдың тәжірибесін қабылдауға мүдделіміз, олар құрылыс жұмыстарын сапалы әрі жедел түрде іске асыру қабілетіне ие екенін жақсы түсінеміз. Қазірдің өзінде бұл бағытта нақты жұмыстар басталды. Агенттігімізге тиімді консорциумдарды қалыптастыру міндеті жүктеліп отыр, – деді Алмасадам Сәтқалиев.
Еске салайық, бұған дейін елімзідегі алғашқы атом электр станциясын салатын халықаралық консорциумның көшбасшысы анықталды.