Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда үй бағасы арзандауы мүмкін бе? – министр жауабы

27 Мамыр 2025, 12:11
1321
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстандағы үй бағасына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Брифингте журналист министрге "Қазақстанда пәтер бағасы неге байланысты қымбаттайды? Арзандауы мүмкін бе?" деп сауал қойды.

Бұл сұраққа бірнеше рет жауап бердім. Бұл – нарық. Сұраныс бар жерде ұсыныс бар. Министрлік нарықтағы үй бағасын бақылауда ұстамайды. Бағаның қалыптасуына біз жауапты емеспіз, - дейді Ерсайын Нағаспаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, баспана – елімізде өзекті мәселелердің бірі екені анық. Ипотекаға алынған пәтерді жалға беруге бола ма? Бұл сұраққа заңгер Сабира Салимова жауап берді.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »