Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шарбиев Мәжілісте киіктердің популяциясы мәселелеріне қатысты жиында елде қанша киік барын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, 2003 жылы елімізде киіктер саны небәрі 21 мың бас болса, 2024 жылдың көктемгі санағы бойынша олардың саны 2 833 600-ге жетіп, кеңестік кезеңдегі тарихи рекорд (1,2 млн бас) айтарлықтай артта қалған.
Биылғы көктемгі алдын ала есеп бойынша сайғақтар саны шамамен 4 миллион басқа жетіп отыр. Бұл – Қазақстанның табиғатты қорғау саясатының және қолданылып жатқан кешенді шаралардың айқын нәтижесі, – деді вице-министр.
Киіктердің көбеюіне олардың мекендеу аймақтарын қорғау, браконьерлікке қарсы күрес, сондай-ақ ғылыми негізделген популяциялық мониторинг жүйесін енгізу үлкен әсер еткен.