Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Қазақ халқынан кешірім сұраймын": Шерзат ісі бойынша сотталушы

3 Маусым 2025, 11:00
906
Бөлісу:
 Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Шерзат Болаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот процесі кезінде Абзал Шынасыл жарыссөзде қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бірінші жәбірленуші Нұрымов Қаржаубайдың отбасынан толықтай кешірім сұрағым келеді. Қаза қайырлы болсын! Алдында жауабымда айтып өткендей Шерзат Болатқа қол ұшым тиіп өлтірген жоқпын. Шерзат Болатты өлтірген болсам алдыңғы жауабымда басында-ақ мойындайтын едім. Істеген іс-әрекетімнен қашатын жігіт емеспін. Мен ақиқатты айттым алдында. Жауабымды не үшін өзгерткенім. Бір қателігім сол кезде намысқа беріліп мойындап, мойныма алғаным. Мен жазадан қорықпаймын. Маған тиісті жаза беруіңізді сұраймын, - деді ол.

Ол сондай-ақ, жасаған іс-әрекеті үшін қазақ халқынан кешірім сұрады.

Барша қазақ елінен кешірім сұрағым келеді. Интернет желісінде жерден алып, жерге салып жатыр. Байдың баласы, депутат, әкесі әкім деп. Ешқандай да аға, көкем жоқ. Жалғыз ғана анам бар. Анаммен ғана тұрамын. Ешқандай қылмыстық топ емеспіз. Дайындалып барған жоқпыз. Мен де ондай болады деп ойлаған жоқпын. Шерзат Болатты өлтірген мен емес. Бірақ нақты дәлелім жоқ. Сол үшін айта алмаймын. Кім істегенін,-деді сотталушы Абзал Шынасыл.

Бұған дейін Абзал Шынасылдың анасы "ешқандай дәлел жоқ" деп сот залында жылап қалған еді.

Айта кетейік, прокурорлар прокурорлар іс бойынша айыпталушы Абзал Шынасылды – Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша 23 жылға бас бостандығынан айыру туралы сұраған еді.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »