Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті. Қазақстан Президенті мен Пәкістан Премьер-министрі бір-бірін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады.
Әңгімелесу барысында екі ел ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен алдағы перспективасы талқыланды.