Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарт адамдарға қатыгездік көрсеткен пансионат қызметкері сотталды

15 Сәуір 2025, 13:53
456
Бөлісу:
 Прокуротура
Фото: Прокуротура

Ақсу қаласында "Қамқор" әлеуметтік қызметтер орталығының тұрғындарына қатыгездік көрсету бойынша резонансты іс бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сот талқылауы Ақсу прокуратурасының бейнебақылау камераларынан алынған таңқаларлық зорлық-зомбылық фактілерін зерттеу нәтижесінде жүргізілді.

Пансионат қызметкері жүйелі түрде қамқорлығындағы адамдарға физикалық күш қолданған және оларды жылы киімсіз көшеде қалдырып, салқындыққа ұшарауы мен азап шегуге қауіп төндірген. Жасалған әрекеттердің ауырлығын және олардың салдарын ескере отырып, сот айыпталушыны кінәлі деп танып, үш жыл алты ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады , - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Ақсу қаласының прокуратурасы қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын пансионаттардың бірінде қарттарға қатыгездік көрсету фактілерін анықтағаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »