Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Qarmet Сингапурге сатылды деген ақпарат жалған болып шықты

3 Маусым 2025, 12:32
888
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Qarmet компаниясының Сингапурдегі оффшорлық құрылтайшыларға өткеніне қатысты тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін министрлік пен ұлттық компания өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрінің орынбасары Олжас Сапарбеков былай дейді:

Сингапурда Qarmet-тің филиалы ашылғаны рас. Алайда ол экспорт пен өзге де техникалық мәселелермен айналысатын бөлім ғана. Qarmet – қазақстандық компания. Құрылтайшылары, бас кеңсесі де, салық төлемдері де Қазақстанда. Сингапурдегі компания – жай ғана филиал, құрылтайшы емес, – деді Сапарбеков.

Оның сөзін “QazIndustry” қазақстандық индустрия және экспорт орталығы” АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айдар Қожахметов те растады.

Qarmet-тің құрылтайшылары – Қазақстан азаматтары. Компания Астана халықаралық қаржы орталығында тіркелген. Сингапурда басқа құрылтайшы бар деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Ол бөлім өндірісті жаңғыртуға инвестиция тарту мен экспортты ұйымдастыру үшін құрылған, – деді Қожахметов.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »