Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарин алдағы сайлаудың он ерекшелігімен бөлісті

20 Қаңтар 2023, 15:21
1369
Бөлісу:

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин алдағы сайлаудың басты он ерекшелігімен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ

1. 2004 жылдан кейін алғаш рет Мәжіліске депутаттар бір мандатты округтер арқылы сайланады (98 депутаттың 29-ы); 

2. Үміткерлерге партиялар мен Үкіметтік емес ұйымдар атынан ғана емес, өзін өзі ұсынуға мүмкіндік туды; 

3. Бұл кезектен тыс сайлау болғанымен, оның өтетін мерзімі жарты жыл бұрын белгілі болды; 

4. Партиялардың Парламентке өтуі үшін белгіленген төменгі шегі 7 пайыздан 5 пайызға төмендетілді; 

5. Әйелдер, жастар және ерекше мұқтаждығы бар адамдар үшін қарастырылған 30 пайыздық квота партиялық тізім мен мандаттардың бөлінісі кезінде сақталады; 

6. Мәжілістің жаңа құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы болмайды; 

7. Алғаш рет Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында «бәріне қарсымын» деген баған сайлау бюллетендеріне енгізіледі; 

8. Сайлауға 7 саяси партия қатысуға құқылы. Оның екеуі партиялар туралы заңның жаңа нормалары күшіне енгеннен кейін тіркелді; 

9. Облыстардағы аймақтық сайлау комиссиялары енді кәсіби түрде жұмыс істейді; 

10. Сайлаушылар бес бюллетень бойынша дауыс береді (республикалық маңызы бар қалалардағы бюллетень саны төртеу).

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »