Қарағанды облысындағы Шет ауданында, жол бойындағы дәмхананың маңынан Ақтөбе қаласының тұрғыны болған жүк көлігінің жүргізушісі өлі күйінде табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қайғылы жағдай 22 сәуір күні Қарағанды облысына қарасты Ақшатау кентінің маңында орын алған.
Биылғы жылдың 22 сәуірінде Қарағанды облысының Шет ауданында Ақтөбе қаласының 41 жастағы тұрғынының мәйіті табылды, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша, азамат өзіне-өзі қол жұмсаған. Мәйіт оның жеке меншігіндегі жүк көлігінің кабинасынан табылған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.