Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Qalleki театр лабораториясы «Шеңбер» қойылымының премьерасын ұсынды

17 Мамыр 2025, 09:13
363
Бөлісу:
 Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры көрерменге «Шеңбер» атты жаңа қойылым ұсынды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасай отырып BAQ.KZ хабарлайды.

Қойылым әйгілі неміс драматургі Бертольт Брехттің әлемдік театр классикасына айналған «Кавказдағы борлы шеңбер» пьесасының желісімен сахналанған.

Qalleki театр лабораториясы ұсынған қойылым театр сүйер қауымның үлкен қызығушылығын тудырды.

«Шеңбер» — адамгершілік, әділет және ана махаббаты секілді тақырыптарды қозғайтын терең мазмұнды қойылым. Эпикалық драма жанрында сахналанған бұл туынды көрерменді түрлі сезім мен ойға жетелеп, уақыт пен кеңістіктен тыс адамзаттық құндылықтарды таразылауға мүмкіндік береді, - делінген мәліметте.

Спектакльде Брехтке тән оқшаулану әдісі қолданылған, бұл эпикалық драманың ерекшеліктерінің бірі ретінде актерлік ойын мен көрермен арасындағы байланысты жаңаша ұғынуға жол ашады. Қойылым көрерменнің жан дүниесін қозғап қана қоймай, адамгершілік туралы терең ой салады.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »