Прокурорлар мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғады

11 Сәуір 2025, 20:51
452
Бөлісу:
 Жамбыл облысының прокуратурасы
Фото: Жамбыл облысының прокуратурасы

Жамбыл облысының прокурорлары 2 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл ауданының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізіп, нәтижесімен инватакси қызметін ұйымдастыру бойынша елеулі бұзушылықтарды анықтады.

Жергілікті атқарушы орган қызмет көрсетудің тиісті деңгейін қамтамасыз етпегені белгілі болды.

Атап айтқанда, 12.02.2025 жылы аудан әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі "мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдау қызметін көрсету бойынша" шарт жасасып, онда инватакси тек жұмыс күндері және 8 сағат ішінде жұмыс істейтінін көрсеткен.

Мұндай шарт талаптары қолданыстағы заңнамаға қайшы келеді және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын бұзуға әкеп соғады.

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде инватаксидің жұмыс кестесі қайта қаралып, заңнама талаптарына сәйкестендірілді.

Енді демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, қызметтер тәулік бойы қолжетімді, бұл ауданның ерекше қажеттіліктері бар 2 мыңнан астам адамның құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді.

Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »