Алматы қаласының аудан прокуратурасы Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ (КазНИТУ) жатақханасын қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Түрксіб ауданының прокуратурасы «Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ мүлкін заңсыз иеліктен шығарылғанын анықтады.
Тұрғын-үй алаңының жетіспеушілігіне қарамастан, университеттің бұрынғы басшылығы тиісті тендер ұйымдастырмастан және өткізбестен жалпы ауданы 2500 м2 астам жатақхананы жеке ЖОО-ға заңсыз жалға пайдалануына берген.
Кейіннен мәміле жасасу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын бұза отырып ЖОО осы үй-жайды сатып алған.
Бүгінгі таңда әкімшілік корпустың жатақханасы мақсатына қарай пайдаланылмай, бизнестің түрлі салаларының қызмет көрсетуіне жалға берілуде.
Соттардың заңды күшіне енген шешімдерімен, Түрксіб ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша даулы әкімшілік ғимараты ұлттық университетке қайтарылды.