Профессионалдар: Архив маманы

16 Мамыр 2025, 18:06
450
Бөлісу:
Профессионалдар: Архив маманы
Фото: Президент Архиві

Құжатты сақтау – жай ғана қағаз бен қаптамадан тұрмайды. Бұл – темірдей тәртіпті, арнайы температуралық режимді, ұқыптылық пен тазалықты қажет ететін жауапты әрі маңызды міндет, жеп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде осы жауапкершілікті арқалап жүрген мамандардың бірі және бүгінгі "Архив мамандары" айдарының кейіпкері – Сақтауды қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу қызметінің архившісі Дидар Дүйсембайұлы.

Дидар – архив ісінің жаңа буын өкілі. Оның басты міндеті – құжаттардың ұзақ сақталуын қамтамасыз ету. Ол архив қоймаларындағы температура мен ылғалдылық деңгейін бақылап, құжаттардың физикалық жай-күйін тексеріп, оларды жүйелі түрде орналастырумен айналысады.

Қағаз құжаттар үшін температура 17–19°С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 50–55% болуы тиіс. Бұл талаптар бұзылған жағдайда, құжаттар табиғи түрде тозуға ұшырайды, - дейді Дидар Дүйсембайұлы.

Оның айтуынша, мемлекеттік сақтауға келіп түскен құжаттар бірінші кезекте бейімдеу бөлмесіне орналастырылады. Бұл жерде негізгі құжаттарды архивтегі температуралық-ылғалдылық режимге сәйкестендіріледі. Бейімдеу бөлмесінде 4-5 күн тұрған құжаттарға шаңсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, физикалық жәй-күйі анықталады. Қажет болған жағдайда құжаттар реставрация, концервация жұмыстарына жіберіледі.

Бейімдеу кезеңінен өткен құжаттар архив қоймаларына орналастырамыз. Құжаттарды орналастыру кезінде оларды оңай, әрі тез табу үшін стеллаж және қор бойынша топографиялық көрсеткіштер толтырылады, - деді жас маман.

Дидар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2015-2019 жылдары архив ісі бойынша бакалавриатты, 2019-2021 жылдары магистратураны тәмамдаған. 2022 жылдың сәуір айынан бері Президент Архивінің құрамында қызмет етіп келеді. Архив Алматыдан Астанаға қоныс аударғанда, ол көп ойланбай жаңа қалаға көшуге шешім қабылдайды.

Бүгінде архивтің жаңа ғимаратында 2 миллионнан астам сақтау бірлігін қамтитын 24 арнайы қойма бар. Бұл қоймаларда құжаттардың ұзақ мерзімді сақталуын қамтамасыз ету үшін ауа айналымы, жарық деңгейі, ылғалдылық пен қауіпсіздік жүйелері заманауи талаптарға сай мұқият реттелген.

Архивтегі құжаттың ешқасысы де кездейсоқ келген жоқ. Олардың әрқайсысы тарихтың бір парағы. Сол тарихи құжаттарды ұрпаққа аманат етіп қалдыру біздің басты міндетіміз деп санаймын, - дейді Дидар.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »