Президент АҚШ консулдығына жер телімін жалға беру туралы келісімді мақұлдады

19 Мамыр 2025, 19:51
226
Бөлісу:
Президент АҚШ консулдығына жер телімін жалға беру туралы келісімді мақұлдады
Фото: Яндекс картасы

Алматыда АҚШ консулдығын салуға жер беру туралы халықаралық келісім заңды күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Алматы қаласында Америка Құрама Штаттарының консулдық мекемесінің үй-жайларын салу үшін Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне жер учаскесін жалға беру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы "2007 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы арасындағы Хатшылықтың Қазақстан Республикасының аумағында болуы шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Жоғарыда аталған заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »