Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Польша Ресейді сауда орталығына өрт қойды деп айыптады

12 Мамыр 2025, 08:49
395
Бөлісу:

2024 жылы 12 мамырда Мәскеу Варшавадағы Marywilska 44 сауда орталығын өртеп жіберді деп айыпталған. Мұны Польшаның Әділет министрі Адам Боднар мен Польша Ішкі істер министрлігінің басшысы Томаш Симоняк мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министрлердің айтуынша, сауда орталығын өртеушілердің әрекетін Ресей Федерациясының аумағында отырған тұлға ұйымдастырған. Қылмыскерлердің кейбірі қазірдің өзінде ұсталған.

Біз жинаған айғақтарға сүйене отырып, өрттің ресейлік арнайы қызметтердің тапсырысы бойынша болғанын білеміз. Бізде өрт қою тәртібі мен барысы, сондай-ақ қылмыскерлер оны қалай жоспарлағанын терең білеміз, - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Польшаның бұрынғы премьер-министрі Лешек Миллер бірнеше рет өрт қою шабуылдары үшін украин агенттерін айыптады.

Өзгелердің жаңалығы
OSZAR »