Төкежанов Болат Тұрғанұлы
3049
Қазіргі лауазымы:
Әлеуметтік желілерде:
Туған жылы: 1972 жылы 19 шілдеде
Туған жері: Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі: 1994 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша «үздік»,
2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясат ұлттық мектебін бітірген. Экономист, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі.
Халықаралық денсаулық сақтау экономикасы орталығында, Йорк Университетінде (Ұлыбритания, 2000 ж.),
Лондондағы Экономика және саяси ғылым мектебінде (Ұлыбритания, 2007 ж.),
Дьюк Университетінің мемлекеттік саясат Сэндфор мектебінде (АҚШ, 2008 ж.),
Сингапур Ұлттық Университетінің Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінде (Сингапур, 2010 ж.) және т.б. оқыды. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін біледі.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық инспекциясының аға салық инспекторы, қаржы басқармасының жетекші маманы, бастығы, ММСҚ-ның Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесі директорының орынбасары, Медициналық қызметке ақы төлеу орталығының Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесі директорының орынбасары, директоры,«Денсаулық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры, Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық-медициналық орталығының директоры, Стратегиялық даму және халықаралық қатынастар басқармасының бастығы, Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Стартегиялық даму департаментінің директоры, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Дүниежүзілік банк қоса қаржыландырған «Қазақстан республикасының денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформаны жүргізу» бірлескен жобасының ұлттық үйлестірушісі болып жұмыс істеді.
«Қазақстан Республикасының 10 жылдығы», «Астананың 10 жылдығы» мерейтой медалдарымен марапатталған. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі. Үйленген, үш баласы бар.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 15 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы болып тағайындалды.
2020-2022 жылдары "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасы




-
1Иранның зымырандық шабуылынан зардап шеккендер саны 63 адамға жетті6052Иран Израильге қарсы зымыран шабуылының төртінші толқынын бастады4793Министрлік беделді оқу орнының ректорына қатысты тараған ақпаратқа түсініктеме берді4774Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс: зымыран шабуылының үшінші толқыны басталды4485Шымкентте құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары 7,5 жылға сотталды419
-
1Кездейсоқ байлық: Әйел адам қоқыстан 187 миллион теңге тауып алды463292"Отпуск" қалай есептеледі және неше күн беріледі313963Оқыс оқиға: Мектепте атыс болып, 11 адам қаза тапты29639445 минут "өлді" деп саналған адам о дүниедегі сезімін айтып берді172675Үкім, айқай, дүрбелең: Жоғарғы сот Шерзат Болат ісінің трансляциясына нүкте қойды11532

