Аюпов Рашид Абатұлы
2866
Қазіргі лауазымы:
Туған жылы: 1981 жылы 4 наурызда
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында туған.
Білімі: Шымкент университеті, Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университеті мен Академиялық инновациялық университетін бітірген.
Мамандығы бойынша біліктілігі - информатика бакалавры, мемлекеттік басқару бакалавры, заңгер.
«Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ұлыбританияда Патшайым Марияның Лондон университетін (Queen Mary University of London) аяқтаған, мемлекеттік басқару магистрі.
Еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында «Дәулет» өндірістік кооперативінің инженер-операторы ретінде бастаған.
2004-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ОҚО бойынша Ақпарат және сынақ орталығының операторы, жетекші сарапшысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы директорының орынбасары және директоры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының көмекшісі болып қызмет атқарған.
2009-2015 жылдары аралығында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі, қаржы-шаруашылығы және кадр жұмысы бөлімінің бас консультанты, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшылығы Хатшылығының бас консультанты лауазымдарында еңбек еткен.
2015-2018 жылдары аралығында Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы, Қазақстан Республикасы Үкіметіндегі «Нұр Отан» партиясының өкілі, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты Ақпараттық технологиялар орталығының директоры, Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі лауазымдарын атқарған.
2018 жылдың қыркүйек айынан бері «SHYMKENT» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы болып қызмет атқарып келген.
2019-2021 жылдары Түркістан қаласының әкімі
2021-2022 жылдары Түркістан облысы әкімінің орынбасары
2022 жылдың наурызынан тамызына дейін Кентау қаласының әкімі




-
1Мұғалімдердің тағы бір мәселесі шешілді. Аймағамбетов маңызды өзгерісті түсіндірді9472Үйсіз жүрген жастар қандай бағдарламаға қатыса алады8693"Мен бәрін мойныма аламын деп келістік": Шерзат ісі бойынша басты айыпталушы8144Депутат: Біз есігімізді аштық, көршілер жауып алды6715Тау туризмі тоқыраудың алдында: Қазақстан көршілерінен неге артта қалып жатыр?657

